Оралда қаланың орталық бөлігіндегі үйлерге су беру тоқтатылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Ә.Әйтиев және Д.Нұрпейісова көшелерінің қиылысында диаметрі 200 мм ысырманы ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

су
Фото: Қызылорда әкімдігі

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, осыған байланысты қаланың орталық бөлігіндегі бірқатар үйге салқын су беру тоқтатылды.

- Атап айтқанда, Қ.Жұмағалиев, Короткая, Ж.Досмұхамедов, И.Елизаров, А.Карев, Д.Нұрпейісова көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерде су болмайды. Сондай-ақ Мұхит көшесі 46/3, 46/2, Ж.Молдағалиев көшесі 35/1, М.Лермонтов көшесі 65, Ж.Досмұхамедов көшесі 77/1, 77/2, 79, Д.Нұрпейісова көшесі 40, 14/1, 14/2, 14/3, 19-мекенжайларында су беру қысымы төмендетіледі. Жөндеу жұмыстары шамамен 24 желтоқсан күні сағат 20.00-ге дейін жүргізіледі, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдың бірқатар ауданы сусыз қалғанын жазған болатынбыз.