14:46, 20 Наурыз 2017 | GMT +5
Оралда қалдық суды заңсыз төгушілер азаяр емес
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда рейдтік шаралар кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері қалалық бейіт маңында «ГАЗ-5312» ассенизаторлық автокөлігі жүргізушісінің қалдық суды кәріз құдығына заңсыз төккендігін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция капитаны Динара Әбділқалықованың айтуынша, аталған жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 505-бабына сәйкес (қала мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендердің инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) 20 АЕК көлемінде 45380 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
«Жыл басынан бері қалада осындай бес құқықбұзушылық тіркелді, олардың бәрі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Д.Әбділқалықова.