Оралда КамАЗ жеңіл көлікпен соқтығысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында бір күнде екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 5 қазан күні сағат 18.30-да 42 жастағы жүргізуші «КамАЗ» автокөлігімен Орал-Желаев жолы бойында Желаев кентіне қарай бұрылыста жол бермей, «Санг Юнг» автокөлігімен соқтығысқан.

Соның салдарынан «Санг Юнг» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі мен 1976 жылы туған жолаушы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші әйел дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді. 45 жастағы жолаушы әйел жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

Сондай-ақ сағат 17.30-да осы Орал-Желаев жолында жаяу жүргінші зардап шекті. 24 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен Ружейников көшесімен келе жатып, 1983 жылғы жүргізуші айдаған «БМВ-520» автокөлігімен түйісуге жол берген. Соның салдарынан «БМВ-520» автокөлігі жолдан шығып кетіп, жол жиегінде кетіп бара жатқан 49 жастағы әйелді қаққан. Дәрігерлер қарағаннан кейін әйел облыстық көпбейінді аурухананың жарақат бөлімшесіне жатқызылды.

Барлық көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Екі оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 18 жастағы жүргізушінің кейуананы қағып, мерт қылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар