Оралда «КамАЗ» жүргіншіні қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Оралда «КамАЗ» жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 25 наурызда Шолохов   көшесінде орын алды, деп хабарлады «Мой ГОРОД».

Оралда «КамАЗ» жүргіншіні қағып кетті

Белгілі болғандай, "КамАЗ" Шолохов көшесі бойымен «Құрылысшы» шағын ауданына қарай бара жатқан. 

-   Жүргіншілер жолына жақындай бергенде, автобустан адам шыға келді, тежегішті басып үлгермей қалдым, - деді жүргізуші. - Ол жүргіншілер жолынан жүгіріп өтті.

Жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Еске салсақ, 8 наурызда сағат 15.00-де Шолохов көшесінде ер адам мен әйел адамды жолаушылар көлігі басып кеткен. Ер адам ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмды.