Оралда кәріз коллекторындағы апаттан кейін жөндеу жұмысы жалғасып жатыр
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында кәріз коллекторындағы апаттан кейін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.


«Батыс су арнасы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кәріз коллекторында диаметрі 1000 мм су құбырындағы ақауға байланысты 11 ақпан күні сағат 17.00-ден бастап қаланың орталық бөлігі мен Зачаган кентінде салқын су беруге шектеу қойылды.

«Мекеме күшімен апатты жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 12 ақпан күні сағат 02.30-дан қалаға қайтадан салқын су беріле бастады. Қазіргі кезде жұмыс жалғасуда. Салқын су беруге шектеу енгізілуі мүмкін. Сондықтан Орал қаласы тұрғындарынан қажетті су қорын жасақтап алуды өтінеміз» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құбыр жарылып, көшені су басқанын жазған болатынбыз.