Оралда қатаң режимдегі түрмеде колледж ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралдағы қатаң режимді түрмеде колледж ашылады, мұнда жазасын өтеушілер дәнекерлеуші мен ағаш ұстасының ісін меңгеріп шығады, деп хабарлайды www.uralskweek.kz.

Оралда қатаң режимдегі түрмеде колледж ашылады

Колледждің ашылуы 2017 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, деп хабарлады 170/3 ҚМ бастығының орынбасары Василий Визгалин.

«Қазір біз білім беру басқармасымен бірігіп жұмыс жасаудамыз, - деді Визгалин. - Олар колледжге ұстаздарды жіберсе, біз - қажетті материалдармен қаматамасыз етеміз».

Визгалиннің сөзіне қарағанда, колледжді ашуға ешқандай қосымша қаржы жұмсалмаған. Себебі, колонияны салған уақытта колледждің ашылуы қарастырылған екен.

Еске сала кетейік, 900 адамға арналған қатаң режимдегі колонияның іргесі 2016 жылы Орал қаласында қаланған еді. Колонияның құрылысы түрлі себептермен 10 жылға созылды. 2016 жылдың соңында аталмыш мекемені салған фирманың бұрынғы басшысы Руслан Шунаев бюджеттік қаржыны жымқырғанын мойындаған.