Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 29 желтоқсан күні 1-ауысымда бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді.
Жергілікті сағат 06.50-де температура бағаны 26 градус аязды көрсетті. Желдің жылдамдығы - секундына 2 метр. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жолдар ашық.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір айлық мөлшердегі қар түскенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам автокөлік қар құрсауында қалды.