Оралда «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңі мәреге жетті

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңі мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None



Оған облыс аудандарынан жеңімпаз атанып келген 12 және Орал қаласынан екі, барлығы 14 палуан қатысып, бақ сынады.
Жарыстың ашылу рәсімінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов палуандарға табыс тілеп, биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған «Қазақстан барысы» турнирінің республикалық сайысы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткізілетінін, сондықтан оған жолдама алу үлкен абырой екендігін жеткізді.



Тартысты өткен турнир қорытындысында Жәнібек ауданының намысын қорғаған Ерназар Хамзин (салмағы 90 кг) мықтылығын танытып, жеңімпаз атанды. Ол екінші орынға көтерілген бөрлілік Темірлан Көлбаймен (100 кг) бірге елордада өтетін республикалық жарыста Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады. Үздік үштікті сырымдық Нұрымжан Ғаббасов (90 кг) түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар