Оралда Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті А. Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді

ОРАЛ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында 30 наурыз - 3 сәуір аралығында Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді.
None
None

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Египет, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен және Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан былғары қолғап шеберлері қатыспақшы. 2 сәуір күні жартылай финал бәсекелері өтсе, 3 сәуірде жеңімпаздар анықталады.

Соңғы жаңалықтар