Оралда «Киа» автобуспен соқтығысып, 4 адам жарақаттанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жеңіл автокөлік автобуспен соқтығысып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оқиға кеше сағат 19.00-ге таман Достық даңғылы бойындағы «Саяхат» аялдамасында болған. «Киа» автокөлігі №43 бағытта жүретін автобуспен түйіскен. Соның салдарынан аталмыш автобус өзінің артында тұрған №2 бағытта жүретін автобуспен соқтығысқан.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, оқиға салдарынан 4 адам жарақат алды. Соның ішінде 2000 жылғы жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына, қалған екі адам облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды.