Оралда кірісін жасырған компанияға 68 млн теңге айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты «Сатбор» ЖШС-на ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 278-бабы 1-бөліміне сәйкес жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Оралда кірісін жасырған компанияға 68 млн теңге айыппұл салынды

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шетелдіктердің қатысуымен құрылған «Сатбор» ЖШС-ның тарапынан мұнай саласын ұйымдастырудан түскен түсімнен тыс, 2011 жылғы бонус үшін салықтық есеп декларациясында 454 млн астам теңгені төмендетіп көрсету дерегін анықтады.

Сот аталған ЖШС-ны айыпты деп тауып, салық және басқа бюджетке міндетті төлемдердің 15 пайызы көлемінде 68,1 млн астам теңге әкімшілік айыппұл салды.