Оралда кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған азамат екі айға қамауға алынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық соты «Вишенка» саяжайында табылған ер адамның мүрдесі бойынша ұсталған С. деген күдіктіні екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

 Оралда кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған азамат екі айға қамауға алынды

Қалалық соттан түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 22.00-де «Вишенка» саяжай қоғамына қарасты саяжайлардың бірінен құдыққа тасталып, үстінен бетон құйылған 1980 жылғы С. есімді ер адамның мүрдесі табылған болатын. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні көп ұзамай қолға түсірген еді.