Оралда қоғамдық көлік қатары жаңа автобустармен толықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында қоғамдық көлік қатары жаңа автобустармен толықтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткендей, «Батыс Дилижанс» жолаушыларды тасымалдау компаниясы «Вектор Next» маркалы жаңа 7 автобусты сатып алды.

Жолаушыларды тасымалдайтын жаңа қоғамдық көлікте автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылады.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасына арналған пандус, электронды табло және бейнекамерамен жасақталған.

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, жаңа автобус кілттерін жүргізушілерге табыс етті.

Айта кетейік, соңғы екі жылда тасымалдаушы мекемелер «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 3,2 млрд теңгеге 79 жаңа автобус сатып алды. Автобустарды сатып алу есебінен жылжымалы құрамның тозуы 32 пайызға дейін қысқарды. Бұл жұмыстардың бәрі әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау арқылы жүзеге асып отыр. Өткен жылы осы бағытта қалалық кәсіпорындарға 3,9 млрд теңге көлемінде субсидия берілген еді. 2023 жылы 5,2 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

Жалпы, биыл қалалық тасымалдаушы компаниялар 40 жаңа автобус сатып алуды көздеп отыр.


Соңғы жаңалықтар