Оралда қоқыс жанып кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда аумағы 100 шаршы метрді қамтыған қоқыс жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Полевая көшесі бойындағы «Нұржанар» АҚ аумағында болған.
Қоқысты сөндіруге жеке құрамнан 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 16.23-те ауыздықталды.
Айта кетейік, өңірде күн қатты ысып тұр. Бүгін Оралда ауа температурасы 41 градусты көрсетті. Оңтүстік аудандарда 43 градусқа дейін жетті.
Күннің ысуына байланысты өрт қаупі күшейе түскендігі жөнінде бұдан бұрын ескерту де жарияланған болатын.
Облыстық денсаулы қсақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, күннің ыстығына байланысты ауруханаларға әзірге ешкім түсе қойған жоқ.