Оралда көлік жол белгісіне соғылды: Үш адам ауыр күйде
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңсәріде Орал қаласында жол апаты орын алып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Сарайшық көшесі бойында «Зенит» зауыты ауданында «ВАЗ 2112» автокөлігі жол белгісіне соғылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарақат алған төрт адамның біреуі ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал қалған үшеуі қалалық көпбейінді ауруханада жатыр, жағдайлары ауыр, біреуі жансақтау бөлімінде.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.