Оралда көлік жуатын орын отқа оранды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін «KazConstructionGroup» ЖШС аумағында ірі ғимарат отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, Полевая көшесі ½ мекенжайындағы өрт жөнінде сағат 16.05-те хабар түскен. Автожуу мен қоймалар орналасқан ғимаратта өрт аумағы 280 шаршы метрді қамтыған. Оқиға орнында 89 адам 21 техникамен жұмыс жасады. Өрт 17.40-та оқшауланып, 18.15-те сөндірілді. Металл конструкцияларымен жабылған аумақтан 49 баллон (15-і оттегі, 34-і пропан) шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, биыл осыған дейін облыс аумағында 54 өрт болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты. 1 адам жарақат алды. Өрттен келген шығын 5 млн теңгеден асты.

Өткен жылы өңірде 697 өрт тіркеліп, 11 адам көз жұмып, 30 адам жарақат алды. Өрттен келген залал 6 млн 614,327 мың теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар