Оралда коллектордағы апат салдарынан қаланың едәуір бөлігі сусыз қалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда коллектордағы апат салдарынан қаланың едәуір бөлігі сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Батыс су арнасы» ЖШС директорының бірінші орынбасары Салауат Айбатовтың айтуынша, М.Шолохов көшесі бойында таңертең коллекторда топырақ опырылып кеткен. Соның салдарынан 4, 5, 6, 7, 9, «Құрылысшы», «Солтүстік-Шығыс» шағынаудандары, қаланың орталық бөлігі сусыз қалды,
«Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Кәріз құбыры 7 метр тереңдікте екен. Соған жеткеннен кейін жөндеп, суды қосуға тырысамыз», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне С.Айбатов.