Оралда көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 11-інде Оралдағы «Жастар» мәдениет сарайында «Көп балалы ана - ұлт байлығы» атты  кездесу кеші болды,

Оралда көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметов шараның мақсаты көп балалы отбасылардың рөлін көтеру, ардақты аналарға лайықты құрмет көрсету екенін атап өтті. Қала күні қарсаңында көп балалы аналардың арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылып, түрлі аталым бойынша озық шыққандар марапатталды. Мәселен, белгілі балет бишісі Нұрлан Әбуғалиевтің анасы Ақдина, шаңырағында сегіз ұлттың өкілін тәрбиелеп отырған Ғалия Досқалиева, он екі баланың әрқайсысынан немере-шөбере сүйген Бақыт Сүгірәлиева, балаларының жоғары білім алуына жағдай жасаған Зиба Шоңыраева, ең жас көп балалы ана Әлия Әбиева, өнерлі ұрпақ өсірген Гүлшат Мықтыбаевалар марапатталды.

Қалада 500 көп балалы ана болса, 190-ы «Батыр ана» екен. Алдағы уақытта мұндай шара жалғасын таппақ.