Оралда көп қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бала тірі қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 7 қаңтар күні таңертең сағат 07.55-те көп қабатты үйдің терезесінен төрт жасар бала құлап кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оралда көп қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бала тірі қалды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, бала жабық бас-ми жарақатын алған, оған қоса кеуде тұсы зақымданған. Қазіргі кезде ол облыстық ауруханада емделуде. Бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.