Оралда көпбалалы әйелді қағып кеткен бұрынғы полиция қызметкері 5 жылға сотталды
Сонымен қатар жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, 8 млн. теңге моральдық залал, сондай-ақ марқұмның қызы Сандуғаштың емделуі мен басқа шығындар есебінде 2 млн теңге өндірілді. Оған қоса С.Наурызов айдаған автокөліктің сақтандыру полисі жалған болуына байланысты жеке қаулы шығарылды.
Еске сала кетейік, 22 шілде күні сағат 15.00-дер шамасында бұрын ішкі істер органында қызмет атқарған С.Наурызов Зачаган кентіндегі Қамбар батыр көшесі бойында «Альбина» мейрамханасының қасында жол жанында тұрған 42 жастағы Айгүл Сүлейменова мен оның бауырына салған қызы Сандуғашты Hyundai Tucson автокөлігімен қағып кеткен болатын. Соның салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмса, ауыр жарақат алған 1995 жылғы Сандуғаш ауруханаға жеткізілген еді. Айгүлдің соңында бес баласы (бауырына басқан қызы Сандуғаштан басқа төрт ұлы) жетім қалды.
Туыстарының сөзіне қарағанда, қолы (шынтағы) мен аяғына екі рет ота жасалған Сандуғаштың жағдайы әлі де онша емес, қазір балдақпен жүр. Аяғы біткеннен кейін қайта ашып, темірін алады.