Оралда қос автокөлік соқтығысып, алты адам зардап шекті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қос автокөлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға бүгін Солтүстік-шығыс шағын ауданында Желаев жолында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 07.28-де, содан кейін екінші бригада 07.40-та шақырылды.

1965 жылғы әйел, 1998 және 1999 жылғы қыздар, 1961, 1985 және 1990 жылғы ер адамдар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Жабық бас-ми жарақатын алған 21 жасар қыз ауруханаға жатқызылды. Қалғандарының денелері көгерген, дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар