Оралда қос автокөлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қос автокөлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда қос автокөлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 18.56-да Зачаган кентінде болды.

Орал-Саратов жолы бойында «Ауди-100» мен «Nissan X-trail» автокөліктері соқтығысқан.

Соның салдарынан «Ауди-100» автокөлігінің салоны мен мотор бөлігі отқа оранды.

Оқиға орнына 6 адам, 1 техника барып, өрт сағат 19.19-да сөндірілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғын үйде өрт болып, бір адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.