Оралда қос автокөлік түйісіп, айып тұрағына қойылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін таңсәріде қос автокөлік түйісіп қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, шамамен 06.35-те «Тойота Ланд Крузер Прадо» автокөлігінің жүргізушісі Достық даңғылымен келе жатып, Еуразия даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, «Фольксваген Пассат» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Сөйтіп джип көлігі арыққа түсіп кеткен.
Соның салдарынан автокөлік иелеріне елеулі түрде шығын келтірілген.
Көлік құралдары айып тұрағына қойылды.
«Тойота Ланд Крузер Прадо» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабы 1-бөлігі және 612-бабы 1-бөлігіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.