16:54, 16 Наурыз 2017 | GMT +5
Оралда қос бірдей саябақ абаттандырылмақ
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 166 млн. теңгеге қос бірдей саябақ абаттандырылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биыл 4-інші және 6-шағынаудандар аралығындағы жаяу адамдар жүретін бульварды абаттандыруға 113 млн. теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ облыстық аурухана маңында А.Пушкин мүсіні тұрған шағын саябақты ретке келтіруге 53 млн. теңге қаралған. Осы қаржыға шағын мүсіндер қойылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарына өрнектастар төселеді.
Айта кетейік, қалада барлығы 54 саябақ (сквер) пен алаңдар бар болса, соның 31-і абаттандырылған. 1833 жылы Оралда үш күн аялдаған орыстың ұлы ақыны Александр Пушкинге аталған мүсіннен басқа Пугачев алаңында еңселі ескерткіш орнатылған.