Оралда қоспәтерлік тұрғын үй отқа оранды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қоспәтерлік тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Ақтөбе көшесі, 121-үйде орын алды.

Сағат 20.25-те тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

Өрттің аумағы 190 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 10 адам, 4 техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 21.49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері осыған дейін облыс аумағында 160 өрт тіркелді. Соның салдарынан 3 адам қаза тапты. Осы өрттердің 106-сы немесе 67 пайызы тұрғын үйлерде орын алды.

Соңғы жаңалықтар