Оралда коттеджде баспалдақтан құлаған бала көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда коттеджде баспалдақтан құлаған 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1 сәуір күні 2011 жылғы бала баспалдақтан құлап, басынан жарақат алған.
Содан кейін бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Алайда алған жарақаттары салдарынан ол 9 сәуір күні қайтыс болды.
Фото: themicrophone.com.au