Оралда күдікті студентті қорқытып, ақша аудартқан

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті тонады деген күдікпен 21 жастағы жігітті қолға түсірді.

Оралда күдікті студентті қорқытып, ақша аудартқан
Фото: БҚО ПД

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті студентті қорқытып, мобильдік қосымша арқылы ақша аудартқан. 

- Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан бұрын да басқа құқық бұзушылықтармен жауапқа тартылғаны белгілі болды, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бопсалаумен айналысқан колледж студенттері ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар