Оралда лаңкестікке қарсы жедел-тактикалық жаттығулар жүргізілуде
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласы аумағында «Орал антитеррор-2017» атты шартты лаңкестіктің алдын алу бағытында жедел-тактикалық жаттығулар жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО жедел штабынан түскен мәліметке қарағанда, бұл - жоспарлы шара. Жаттығу кезінде қозғалысқа енгізілетін шектеулерге байланысты тұрғындардың тыныштықты сақтап, арнайы және құқық қорғау органдарының заңды талап-тілектеріне құлақ асуы қажет.
Айта кетейік, кеше осындай жаттығу Теректі ауданы аумағында өткізілген болатын.