Оралда Мәуліт мерекесі аталып өтті

ОРАЛ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) туылған айы -Мәуліт мерекесіне арналған имандылық кеші болып өтті.
None
None

Жиында ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамы Бауыржан Әлиұлы әлемнің екі миллиард мұсылмандары үшін қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтап, ел-жұртқа тыныштық пен ынтымақ тіледі. Қасиетті ай құрметіне Құран-Кәрімнен сүре оқылып, ас берілді. Сонан кейін мәдени шара қызығын ақындар қыздырды. Имани бас қосуға шақырылған ақындар Дидар Хамиев (Қарағанды), Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Ахметжан Өзбеков (Жамбыл), Нұрмат Мансұров (Қызылорда), батысқазақстандықтар Мұрадым Мирланов пен Талғат Мықи жырдан сөз маржандарын төгіп, тыңдаушыларды татулық пен еңбекке шақырды. Кеш ән мен терме, күймен өрнектелді. Бұл орайда республикалық байқаулардың бас жүлдегерлері, домбырашы Досым Мақсотов пен әнші Қайрат Кәкімов өнерден аянған жоқ.

Соңғы жаңалықтар