Оралда майдангерлерге құрмет көрсетілді
Жиынды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов ардагерлерді Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтап, аға буынның ерлігі мен еңбегі ел жадында әрдайым сақталатынын, кейінгі ұрпақ үшін мәңгі өшпес өнеге екендігін атап өтті.
Батыс Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысына 76 мың 600-ден астам адам аттанса, соның тең жартысындайы майдан даласынан оралмады. Қырыққа жуық батысқазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, алтауы жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Салтанатты жиынға келген 37 ардагерге командир сағаты мен гүл шоқтары табыс етілді.
Майдангерлер Иван Гапич, Қалам Сүйіншәлиев, Алевтина Митрохина, Ысқақ Өтепов естеліктерімен бөлісіп, Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегенін айтып, Елбасы мен мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау-көмекке ризашылықтарын білдірді.
Ардагерлер құрметіне батысқазақстандық әртістер өз өнерлерін көрсетті.