Оралда Мемлекеттік Ту көтеріліп, Республика күні аталып өтті

Орал қаласында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Республика күні аталып өтті, деп хабарлайды Kazinform

республика күні
Фото: БҚО әкімдігі

Алдымен Тұңғыш Президент алаңында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.

Ту көтеру салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған өңір жұртшылығы қатысты.

орал
Фото: Гүлжан Аязбаева

Содан кейін «Атамекен» өнер ордасында «Мәңгі жаса, қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөзінде Республика күнінің мән-маңызына тоқталды.

орал
Фото: БҚО әкімдігі

«Республика күніне орай өткен салтанатты жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн» деп ерекше баға берді. Республика күні – елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Бұл жай ғана мереке емес, бұл – біздің халқымыздың мемлекеттілігімізді сақтауға және нығайтуға, Әділетті Қазақстан құруға деген ұмтылысы. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – ел азаматтары!» деді өңір басшысы.

орал
Фото: БҚО әкімдігі

Салтанатты жиын барысында 70-ке жуық адамға мемлекеттік награда тапсырылды. Онда еңбек ардагерлері, мәдениет, ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне басымдық берілді.

орал
Фото: БҚО әкімдігі

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар облыстың барлық ауданында ұйымдастырылды.  

орал
Фото: БҚО әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар