Оралда мейрамхана өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында «Дорожный» мейрамханасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда мейрамхана өртенді

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқыс оқиға бүгін сағат 09.35-те Ә.Молдағұлова көшесіндегі 2-ғимаратта орын алды.

Бір қабатты ғимараттың (жалпы ауданы – 360 шаршы метр) жапсарлас бөлігінде, яғни моншасында ағаш жақтаулар жанған. Жалын 30 шаршы метрді шарпыды.

Өрт сағат сағат 10.09-да оқшауланып, 10.42-де сөндірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 13 адам, 5 техника жұмылдырылды.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.