Оралда мотоцикл мен джип соқтығысты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласында мотоцикл мен джип көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАкпарат тілшісі.
None
None

Жол апаты Зачаган кентінде "Зачаганск" дүкені маңында болды.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Жәңгір хан көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл алдынан шыға келген джиппен түйіскен. Мотоциклші жігіт зардап шекті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге қоңырау сағат 17.52-де шалынған. Шамамен 22 жастағы жігіт бас-ми және басқа да жарақаттармен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар