Оралда мұғалім жалған вакцина паспортын жасатты деп айыпталып отыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда мұғалім коронавирусқа қарсы вакцинаны растайтын төлқұжатты қолдан жасатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыс орталығы мектептерінің бірінде жұмыс істейтін 37 жастағы мұғалім маусымның 5-15 аралығында COVID-19 вирусына қарсы вакцина туралы жалған паспорт жасатқан.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабымен (құжаттарды жалған жасату, дайындау немесе сату) сот алдындағы тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - деп баяндады полиция.

Бұл ретте тәртіп сақшылары жалған құжатқа дәрігерлердің қатысының бар-жоғын нақтылаған жоқ.


Соңғы жаңалықтар
telegram