Оралда Мұқағали оқулары мәреге жетті

ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында дәстүрлі Мұқағали оқулары мәреге жетті,

Оралда Мұқағали оқулары мәреге жетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған аудандар мен қаладан іріктеліп келген он үміткер қатысты. Бес кезеңнен тұратын сайыста дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің оқушысы Баянсұлу Қожанбаева жеңіске жетті. Ол наурыз айында ақынның туған жерінде өткізілетін республикалық байқауға қатысатын болады. Қазылар алқасының төрағасы, әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасовтың айтуынша, байқау аясы жыл сайын кеңейіп келеді.