Оралда нашақорлыққа қатысты жедел алдын алу шаралары жүргізілуде

ОРАЛ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда нашақорлыққа қатысты жедел алдын алу шаралары жүргізілуде,

Оралда нашақорлыққа қатысты жедел алдын алу шаралары жүргізілуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйек айының басынан бері оқу орындарында осы тақырыпта семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының орынбасары Андрей Хлевиннің айтуынша, мұның бәрі жастардың аталмыш дерттен бойын аулақ ұстауы үшін өткізілуде.

Өңірде биылғы сегіз айда есірткіге қатысты 176 қылмыстық іс қозғалып, есірткі заттарын сақтауға байланысты 81 құқықбұзушылық анықталған. Ірі көлемде есірткі сатқаны үшін 34 адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Оралда 26 есірткі сату нүктесі жойылса, соның сегізі оқу және көңіл көтеру орындары маңында орналасқан еді. Үш есірткі ұясы, есірткі тектес өсімдік өсірудің екі фактісі әшкереленді. Екі есірткі контрабандасына қатысқандар қазір жазасын өтеуде.