Оралда облыстық аурухананың кабинеті өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 14:57-де БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық пунктіне облыстық аурухананың №2 корпусында томография кабинетінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда,  оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «тілсіз жауды» сағат 15.17-де ауыздықтаған. Өрт 15.27-де толықтай сөндірілген.

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын және кінәлі адамдар анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар