Оралда оқушыны қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тоғыз жасар қыз баланы қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 12.50 шамасында Конкин көшесі бойындағы «Теремок» дүкені маңында 1958 жылғы жүргізуші «Ауди 80» автокөлігімен 2008 жылғы 4-сынып оқушысын қағып кетті. Қыз бала реттелмейтін жаяу жүргінші өткелімен өтіп бара жатқан. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізуші жол апатын жасау кезінде мас болмағаны анықталды. Оның үстінен ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, биылғы сегіз айда облыста 1500-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум