Оралда орман алабында өлі табылған әйелдің туыстары анықталды

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында орман ішінде өлі табылған әйелдің туыстары үш айға жуық уақыттан кейін анықталды.

орман
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Әйелдің мүрдесі 31 шілде күні табылып, оның жақын-жуықтарын еріктілер іздестірген.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, әйелдің жасы шамамен 30-40-та, денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. 

«29 қазан күні әйелдің туыстары белгілі болды. Олар марқұмды таныды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен жігіттің қыстақта қой бағып жүрген жерінен табылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар