Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін М.Мәметова көшесіндегі 52-тұрғын үйде болған.

Бес қабатты үйдегі 53-пәтерде өрт болып жатқаны жөнінде сағат 19.12-де хабар түскен.

Аумағы 20 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан 1961 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Үйден 18 адам эвакуацияланды, соның үшеуі – бала. 4 адам құтқарылса, соның біреуі – бала.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 18 адам, 6 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 20.17-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.