Оралда өрт сөндірушілер жанған гараждан газ баллонын шығарып үлгерді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында гараж өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 17 мамыр күні сағат 06.41-де «Факел» гараж кооперативінде болды.

Осындағы гараждардың бірінде жеке заттар жанған.

Өрт аумағы 15 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (6 адам, 1 техника) сағат 07.32-де ауыздықталды.

Жалын ішінен газ баллоны шығарылды.

«Тұрмыстық газ баллоны көмірсутегі газымен толтырылады. Қатты қызған жағдайда газ баллоны жарылып, адам өміріне қауіп төндіріп, мүлікті бүлдіруі ықтимал. Сондықтан тұрғындар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, абай болуы тиіс», деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Төрегелдиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жазғы демалыс орны өртеніп, одан да газ баллоны шығарылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар