17:10, 04 Мамыр 2025 | GMT +5
Оралда өртенген гараж орнынан ер адамның мүрдесі табылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында гараж отқа оранды.

БҚО ТЖД департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында сағат 07.48-де болды. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды.
Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан баланың көз жұмғанын жазған болатынбыз.