Оралда өртенген тұрғын үйден 20 адам эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үйде өрт болып, оқиға орнынан 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда өртенген тұрғын үйден 20 адам эвакуацияланды

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 00.58-да 5-шағынаудандағы бес қабатты үйде болған.

Үшінші қабаттағы пәтердің төбесі, жеке заттар, жиһаз, теледидар жанған. Өрт аумағы 12 шаршы метрді қамтыды.

Жоғары және төменгі қабаттардан 20 адам шығарылса, соның 8-і - бала.

Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 7 адам, 3 техника жұмылдырылып, сағат 02.05-те сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.