Оралда өз анасын өлтірген тұрғын 13 жылға сотталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз анасын өлтірген С.Сованенкоға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын мас күйінде өзара келіспеушілік салдарынан анасының кеуде тұсынан пышақ сұққан. Марқұм сол жерде көз жұмған.
С.Сованенко ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.