Оралда пәтер ұрылары 2,7 млн теңгенің алтын бұйымдары мен заттарын үптеп кеткен

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жеке үйге түскен ұрылар 2,7 млн теңгенің алтын бұйымдары мен басқа да құнды заттарын үптеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда пәтер ұрылары 2,7 млн теңгенің алтын бұйымдары мен заттарын үптеп кеткен

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс ашылды.

Полиция қызметкерлері осы қылмысқа күдікті ретінде 1974 және 1985 жылғы ер адамдарды анықтап, ұстады.

Қазіргі кезле Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, 18-20 наурыз аралығында жүргізілген республикалық «Пәтер» жедел алдын алу шарасы барысында 33 ұрлық ашылды.

Пәтер ұрлығын жасағаны үшін 33 адам және 1 қылмыстық топ қолға түсті.