Оралда полицейлер тұрғыннан 274 келі балық тәркіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Оралда патрульдік полицейлер «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты. Көлік салоны мен жүксалғышынан көп мөлшерде балық — мөңке, көксерке және сазан табылды, деп жазады Рolisia.kz.

балық
Фото: Рolisia.kz

Жүргізушіде тасымалданып жатқан балыққа қатысты ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 274 келі болған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Полиция су биоресурстарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Еске салайық, Ертіс-Баян өңіріндегі өзен-көлдерде балықтардың уылдырық ашу шашу кезеңі басталады. Әуесқой балықшылар бұл уақытта желбезекті су жануарларының кез келген түрін аулауға тыйым салынғанын білуі маңызды.

Атырау облысында биыл балық аулау лимиті 16 мың тоннаға жуықтады. Көктемгі маусым басталғалы бері Жайық өзенінде балықшылар ауына көксерке көптеп түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар