Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікке ілінді

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция қызметкері қамауға алынды.

полиция
Фото: ҚР ІІМ

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласы тұрғынының арызына сәйкес аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күні бүгін аталған қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. БҚО полиция департаменті полиция қатарында тәртіп пен заң бұзушылықтың жолы қатаң кесілетінін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың төрт күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған едік.