Оралда Президент шыршасына 180 оқушы қатысты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында дәстүрлі Президент шыршасы болып, оған аудандар мен қаладан жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ әр салада табысқа жеткен 180 оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Балалардың 126-сы аудандардан келсе, алтауы - балалар үйінің, 15-і - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат тәрбиеленушілері, 9-ы - облыстық мектептердің, 24-і - Оралдағы білім ордаларының оқушылары.

null  

Шыршаны айнала, би билеп, ән салған жас жеткіншектер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауын тыңдады. "Қымбатты балалар! Жаңа жыл - әр бала асыға күтетін мерейлі мейрам, жақсылық жаршысы. Бұл ең алдымен балалардың мерекесі, кішкентайлардың қуанышы. Сендер тәуелсіз елде өсіп келе жатқан нағыз бақытты ұрпақсыңдар! Мен өздеріңді және еліміздегі барлық балаларды жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі шырша тойы есте қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Ұлы дала елінің ұлағатты ұландары үнемі алдыңғы қатарда болу керек. Біз сендердің ақылды да алғыр, зерделі де зерек болып өскендеріңді қалаймыз. Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын үкілі үмітіміз - өздеріңсіздер! Сол үшін сендерге біздің мемлекетіміз бар мүмкіндікті жасап келеді. Асқақ армандарың орындалып, тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өніп, көркейе беріңдер! Жаңа жылымыз құтты болсын!" - деді Қазақстан Президенті.

null  

Жаңажылдық шырша барысында облыс әкімі Алтай Көлгінов жеткіншектерге ізгі тілегін білдіріп, Елбасының құттықтау хатын оқып берді.

null  

Жыл кейіпкерлерінің, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен ертегі көріністері қойылып, шырша тойы түрлі қызықтарға толы болды.

null  

Айта кетейік, БҚО білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жаңажылдық шыршаны өткізуге 15,7 млн. теңге бөлінген. Елбасы атынан әр балаға ішінде қысқы киім, аяқкиім, спорттық киім, басқа да тарту-таралғылар бар 80 мың теңгенің сыйлығы табыс етілді. 

null 
null null null null null  

Соңғы жаңалықтар