Оралда прокуратура 25 азаматтың тұрғын үй мәселесін шешті
АСТАНА. KAZINFORM — Реновация жобасы кезінде құрылыс компаниясының міндеттемелерін орындамауы салдарынан баспанасыз қалған бір топ азамат 2021 жылдан бері қиын жағдайда өмір сүріп келген. Қала прокуратурасының араласуынан кейін олардың құқығы қалпына келтіріліп, 25 тұрғынға тұрғын үй беріліп, әлеуметтік қолдау көрсетілді.
— Азаматтардың уәждері мен құжаттарды зерделеген қала прокуратурасы әкімдікке ұсыну енгізіп, оның нәтижесінде 25 азамат тұрғын үй қорынан баспанамен және қажетті әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілді, — деп хабарлады прокуратурадан.
Азаматтарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі прокуратураның күнделікті бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысында прокурорлардың араласуынан кейін инвесторға 55 млн теңге қайтарылғанын жаздық.