Оралда сегіз елдің бадминтон шеберлері шын мықтыны анықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда бадминтоннан ересектер арасындағы АПАКС халықаралық турнирі өтіп жатыр,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың жүлде қоры - 10 мың АҚШ доллары.

Жарысқа сегіз елден спортшылар қатысуда. Атап айтар болсақ, Қазақстаннан - 30, Өзбекстан мен Ресейден - 18, Австралия, Үндістан және Бахрейннен бір-бір өкіл бар.

Турнирде жеңімпаз атанған спортшы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болады.

Оралдағы жарысқа жалпы есебі 32 төреші қазылық етуде. Оның ішінде төрт төреші Азия бадминтон қауымдастығының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар